Bugin
Фото: freepik.com
Бокстан Қазақстанның жастар құрамасы әлем чемпионатында тарихи нәтиже тіркеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
24kz мәліметінше, ел қоржынына 38 млн теңге қаражат әкелді. Олар 6 бірдей алтын жүлде жеңіп алып, жалпы есепте топ басына шықты.
Атап айтқанда, алғашқы финал күні 67 келідегі ұлттық құрама капиатаны Төрехан Сабырхан, 75 келідегі Санжарәлі Бегалиев және 81 келідегі Аружан Зейноллаевалар жеңіске жеткен еді. Ал, екінші финал күні осы жетістікті 51 келідегі Боранбек Бексұлтан, 71 келідегі Өнер Сейілхан және қыздар арасында 50 келідегі Елянур Тұрғанова қайталады.
Будвадағы әлем чемпионатында жүлдеге іліккен спортшыларымыз елімізге 38 млн теңге олжамен оралады. Ұйымдастырушы тарап, яғни, халықаралық Бокс федерациясы жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйақы тағайындаған болатын. Нақтырақ айтқанда, бірінші орынға 8 мың, екінші орынға 4 мың, ал үшінші орынға 2 мың доллардан табыстады. Тіпті ширек финалға шыққан боксшылардың өзіне 1 мың доллардан берді. Жалпы жүлде қоры 500 мың долларды құрады. Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 6 алтын, 1 күміс және 10 қола жеңіп алғаны белгілі. Олардың сыйақысы жалпы алғанда 78 мың долларды құрады. Ал, оны ұлттық валютамызға шаққанда 38 млн теңгеден асады.