Bugin
Фото: ашық дереккөзден
Алматы облысының полиция департаменті Хасан Қасымбаевтың не үшін ұсталғанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.
Хасан Қасымбаев азамат А-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, ұрлады деген күдікке ілінген. Кейін полицейлер істің кей мән-жайын ашты. 2021 жылдың маусым айында азамат А-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікпен бес күдікті ұсталған. Сот оларды тағылған айып бойынша кінәлі деп тапты. Қазір бесеуі де жазасын түрмеде өтеп жатыр.
Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде, жоғарыда аталған қылмыстық әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен 2024 жылғы 2 қарашада Хасан есімді азамат та ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстардың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.