Bugin
Фото: freepik.com
Өскеменде 17 жастағы бойжеткен өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қалалық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кәмелеттік жасқа толмаған қыздың өз-өзіне қол жұмсау фактісіне байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
“Марқұм толық емес отбасынан шыққан. Алдын ала дерек бойынша оның суицидке баруына жауапсыз махаббат себеп болды. 17 жастағы бойжеткен өз-өзіне қол жұмсар алдында хат жазып қалдырып кеткен”, - делінген ақпаратта.
Өскеменде өз өмірін қиюға оқталған кәмелеттік жасқа толмаған балалар саны биыл күрт көбейген.