Bugin
Фото: freepik.com
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2024 жылғы 5-7 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мамандардың мәліметінше, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күн суытып, жаңбырсоңы қарға айналады. Қазақстанның басым бөлігінде барикалық алқаптардың тез өзгеруіне байланысты ауа райы құбылмалы болады деп болжанып отыр. Атап айтқанда, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел, тұман күтіледі. 5 қарашада еліміздің батысында, 6 қарашада солтүстігінде, 6-7 қарашада шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жаууы ықтимал. Синоптиктер 5 қарашада солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарда ауа райы жауын шашынсыз болады деп болжады. Республикамыздың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, кезеңнің соңына қарай ауа температурасы түнде -3...+5 градус аралығында болады, таулы аудандарда -8 градусқа дейін төмендейді, күндіз 0...+7 градус аралығында болады, таулы аудандарда -2 градусқа дейін төмендейді.