Bugin
Фото: freepik.com
16 қыркүйекте Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі аясында декларацияларды қабылдау аяқталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Декларация тапсырмағандарға ескерту жасалып, шоттары бұғатталады. Декларация тапсыруға жеке кәсіпкерлер, басшылар, заңды тұлғалардың құрылтайшылары және олардың жұбайлары міндеттелген. Бұл жүйеге алғаш рет кірген азаматтар 250-нысан бойынша активтері мен міндеттемелері туралы "енгізілген" декларацияны, ал қалғандары 270-нысан бойынша кірістер мен мүліктер туралы декларацияны тапсыруға тиіс. Жалпы, Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, биыл 2 миллионнан астам жеке тұлға алғашқы декларациясын тапсырған.