Bugin
Фото: freepik.com
Алматыда бүгін, 5 қараша күні жер сілкінді. Бірақ алматылықтар жер сілкінісі туралы SMS-хабарлама алмады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінгенде ескерту жүйесі неге жұмыс істемегенін түсіндірді.
"Хабардар ету жүйелері (mass alert) қарқындылығы 5,5 балл және одан жоғары болған кезде автомат түрде іске қосылады. Бүгінгі жер сілкінісі қала аумағында 3 балды құрады", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласында 3 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлаған едік.