Weekend

Айыппұлдан да қымбат нәрсе

Қадірін білуге тырысу қажет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінде екінің бірінде ұялы телефон бар. Ұялы телефонды жаяу жүріп келе жатқанда қолданудың өзі қауіпті. Өзім бірде кешкісін көшеде кетіп бара жатып, келген хатты оқи салайын деп ұялы телефоныма үңілгенім сол еді бір ғимараттың алдында тартып қойған шынжырға шалынып құлай жаздадым. Енді көлік жүргізіліп келе жатып ұялы телефон қолдануды ойлап көріңіз. 

2013-жылы АҚШ-та жүргізілген зерттеулер бойынша жастардың арасында ұялы телефон қолданғандықтан тіркелген 10 апаттың алтауы жол жүргізіп келе жатып ұялы телефонмен және жолаушымен әңгімелесуден болған екен. Көлік ішіндегі видеотіркегіште сақталған мәліметтерді сараптағанда жүргізушілер жол апатынан 6 секунд бұрын ұялы телефон қолданғандары анықталған.

Postimees фотографы Таллиннің орталығындағы екі көше қиылысында шамамен бір сағат тұрғанда шамамен жүздеген жүргізуші көлік жүргізіп келе жатып ұялы телефон қолданғанын суретке түсірген. 

Тіпті қауіпсіздік тұрғысынан көлік жүргізіп келе жатып ұялы телефон қолдану алькоголь ішіп көлік жүргізумен теңестіруге болады екен. 

Сондай-ақ ғылыми зерттеулер 60 км/сағат жылдамдықпен жүріп бара жатқан жүргізуші әр секундта  шамамен 17 метр жүреді екен. Ал кім хабарласқанын анықтап, оны қабылдап үлгергенше 4 секунд яғни 68 метр жүреді екен. Нәтижесінде көлік жүргізіп келе жатып ұялы телефон қолданушылар тек өзінің ғана басын қауіпке тікпейді, көліктегі жолаушылар, өзге көлік жүргізушілері, жолдан өткен жаяу жүргіншілер, жан-жануарлардың бәрін қауіпке итермелейді. Адамның жаны мен денсаулығы ұялы телефон қолданған үшін салынатын айыппұлдан қымбат негізі. Сондықтан адам жанын қадірлеу керек.