Bugin
Фото: freepik.com
Талғарда бүтін бір үй жарылып кетті. Үй иесі мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Елдімекендегі әр үйге газ әлі кірмеген екен. Тұрғындар жеке-жеке үйлеріне газ кіргізген көрінеді.
"Қарындасым түнгі сағат 01:30 шамасында хабарласып, үй жарылып, мамамнан айырылып қалдық деді. Келсем үй өртеніп жатыр, өртті өшірген соң анамның сүйегін алып шықтық. Қарындасым мен інімді жедел жәрдемге тапсырдым", - дейді марқұмның баласы Жандос Санғаджиев.
Көз жұмған әйел қызы жұмыстан келген кезде шай қойған екен. Қайғылы оқиға сол мезетте болған.