Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. АРМАН СӘБИТОВ: «АУДАН АУМАҒЫНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ МЕН АБАТТАНДЫРЫЛУЫНА АЙРЫҚША НАЗАР АУДАРУ ҚАЖЕТ»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Сайрам ауданы әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары, бірқатар мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын барысында «Көрікті Сайрам» мекемесінің басшысы Бақытқали Жаңабаев баяндама жасады. Мекеменің атқарылған жұмыстарымен қатар, өзекті мәселелерді атап өтті. Ол 9 ай ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындыларын, тазалық, көріктендіру және абаттандыру бағытындағы жобаларды және көше жарық шамдарының жағдайын талқылады.

Аудан әкімі Арман Сәбитов «Көрікті Сайрам» мекемесінің жұмыс барысын бақылай отырып, алдағы уақытта аудан аумағындағы тазалық, көріктендіру, абаттандыру және көше жарықшамдары мәселесін шешуге көңіл бөлуді тапсырды.

Мәжіліс барысында ауданның тазалығын қамтамасыз ету және ауылдардың көрінісі мен экологиялық жағдайын жақсарту және қоғамдық орындарды абаттандыру мәселелері қарастырылды.

Көшелердегі жарық шамдарының тұрақты жұмыс істеуі, әсіресе түнгі уақытта тұрғындардың қауіпсіздігі үшін маңызды болып табылады. Осыған байланысты, аудан басшысы мекемеге жарықтандыру жүйесін тиімді басқару қажеттігін айтты. Сонымен қатар, аудан тұрғындарының талаптары мен ұсыныстарын ескере отырып, мекемеге нақты жұмыстар жүргізуді жүктеді.

Сондай-ақ, Сайрам ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық, ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің басшысы Жасұлан Саутбек облыс және аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндама жасады.

Аудан әкімі хаттамалық тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы керектігін, бұл мақсатта әр бөлім мен мекеменің жауапкершілігін арттыру қажеттігін жеткізді. Тапсырмаларды орындау барысында туындаған мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы да ұсыныстар айтылды.

Баяндамашы облыс және аудан әкімдерінің қойған міндеттеріне сай жұмыстарды жүргізуді талап етті, бұл ауданның дамуына оң әсерін тигізетініне сенім білдірді.