Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: САРЫАҒАШТА 6 ЖЫЛДА 139 ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысының аудан, қалаларын дамыту стратегиясын бекіту жұмыстары жалғасуда. Бүгін Сарыағаш ауданын дамыту жоспары талқыланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басым бағыттар – өндіріс орындарын көбейту, туризмді дамыту, ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды қолданып, өнімділікті арттыру.

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың айтуынша, ауданды дамыту жоспары жан-жақты сараланып, барлық сала зерделенген. 2030 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес ауданда 139 жобаның тізімі жасалған. Құны 144,2 млрд. теңге болатын жобалар арқылы 4663 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Оның ішінде өнеркәсіп саласында 51, туризм саласында 25, ауыл шаруашылығында 31, құрылыста 17, қызмет көрсету саласында 15 жоба жоспарланған. Нәтижесінде 2030 жылы ауданның жалпы өңірлік өнім көлемі 747,9 млрд. теңгені құрап, 2,5 есеге артады деп күтіліп отыр. Алдағы 6 жылда 527,6 млрд. теңге инвестиция тартылып, көлемі 2030 жылы 3,8 есе артады деп көзделген.

«Сарыағаш» индустриалды аймағында жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өндірісі, кілем, пластмасса және резеңке бұйымдарын өндіру жобалары жүзеге асады деп жоспарлануда.