Bugin

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА АЛҒАШ РЕТ АСА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сарыағаш орталық аудандық ауруханасында алғаш рет ішкі ұйқы артериясын стенттеу отасы жасалды. Тіліксіз ангиография аппаратының көмегімен мұндай операцияны дәрігерлер үш науқасқа сәтті жасап шықтЫ, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тың әдіспен жасалған ота облыстық клиникалық ауруханасының нейрохирург дәрігерлері Сапаков Сапарғали, Орал Абылайхан және аудандық орталық аурухананың нейрохирург дәрігері Кұдияров Байбектің қатысуымен жүзеге асты.

Айта кетейік, бұрын бұндай ота қажет науқастар жедел және жоспарлы түрде облыс орталығына жіберілетін. Қазір аудандағы орталық аурухана дәрігерлері жоғары технологиялық операцияны меңгеріп, хирургиялық көмек көрсетуде.