Bugin
Фото: freepik.com
Оралда 1,5 млн теңге пара алған сот төрағасы ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қалалық сот төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінен ұсталды. Судьямен бірге екі адвокат та құрықталды.
Руслан Жұмағұлов 1,5 млн теңге көлеміндегі ақшаны сотталған азаматқа оң шешім шығару мақсатында алмақ болған. Тергеу шарасын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты мен облыстық департамент қызметкерлері жүргізіп жатыр.