Bugin

Иман Хелифтің ер адам екенін көрсететін құжаттар пайда болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Reuters

Журналист бокстан олимпиада чемпионы Иман Хелифтің ер адам екенін дәлелдейтін құжаттарды ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Француз журналисі Джаффар Айт Аудиа Хелифтің медициналық сараптамасының көшірмесін алғанын мәлімдеді.

2023 жылғы сараптама нәтижесінде спортшыда 5α-редуктазаның II типті тапшылығы бары анықталған. Бұндай ауытқудың тек биологиялық тұрғыдағы ер адамдарда ғана  кездесетіні айтылған.

Бірақ Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Хелифтің трансгендер емес екеніне және медициналық сараптаманың заңды жасалғанына сенімді екенін жеткізді.