Bugin

13 жастағы мопед жүргізушісін көлік қақты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Астанада Мәңгілік Ел даңғылында көлік мопедисті қағып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Алдын ала мәлімет бойынша, мопедті 2011 жылғы бала айдаған.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қараша күні Мәңгілік Ел даңғылы мен Алматы көшесінің қиылысында кәмелетке толмаған мопед жүргізуші жол апатына ұшырады.

"Оқиға орнына барған полиция жасағы жасөспірім Мәңгілік Ел даңғылымен Керей-Жәнібек хандар көшесіне қарай жүріп келе жатып, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп, жүргізушісі қарсы бағытта маневр жасап жатқан Hyundai көлігімен соқтығысқан. Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полицейлер.

Астананың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем дәрігерлері №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасына 2011 жылы туған ұл баланы жеткізді.