Bugin
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Таяуда Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық қолдауымен «Bilim orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Түркі халықтарының үздік студенті» атты халықаралық форум өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мақсаты – дарынды студенттердің арасында байланыс орнату.
Халықаралық форумға отандық ғалымдар, қоғам қайраткері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен студенттер қатысты.
Форумның марапаттау бөлімінде Түркістан облысы білім басқармасының «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Анаргүл Есқараева жетекшілік еткен 2-курс студенті Ақбота Аршабай «Түркі халықтарының үздік студенті» төсбелгісі және І дәрежелі дипломмен марапатталды.