Bugin

ТҮРКІСТАН: АҚЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ағымдағы жылы әкімдердің елге есеп беру жиындары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы негізінде жаңа форматта өткізіліп жатыр. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, жиын барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерді тыңдайды. Осыған сәйкес бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мұрат Байгабулов Ақжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде М. Байгабулов 2024 жылдың екінші жарты жылдығын қорытындылап, ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер және атқарылған жұмыстарды,сонымен қатар алдағы жоспарларды халыққа жеткізді.

2024 жылы Ақжар ауылдық округіне қарасты 6 көшеге,атап айтқанда:

Жамбыл ,Төле би, Ғ.Мұратбаев, Аманкелді, Бақтыбай Ата және А-2 трассаға шығатын жолға көшелеріне орта жөндеуден өткізіліп, асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, облыстық маңызы бар КХ-49 Ханым каналындағы көпір күрделі жөндеуден өтті.

Ақжар елді мекеніне қарасты Ғ.Мұратбаев, Аманкелді, 8-Наурыз, Бақтыбай ата көшелерінің арық-атыздарына құбырлар тартылып, Бағыс елді мекеніне «сифон» ағын су құбыры тартылды. Ауылдық округ арқылы өтетін республикалык маңызы бар КХ-49 жол бойына бейнебақылау камералары,Келес өзеніндегі көпір маңына жарықшамдар орнатылды. Сонымен қатар, аудандық бюджеттен қаржы қаралып, Ақжар елді мекеніне қарасты көшелердегі жарықшамдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, елді мекеннің кіре-беріс маңына тамшылатып суғару құрылғылары орнатылып,абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Ақжар ауылдық округіне қарасты Ешмат ата мен Д.Қонаев көшесіне жаңадан трансформатор қондырғысы орнатылды. Ауылдық округ тұрғындарының игілігіне Бағыс елді мекендегі №23 Ғ.Мұратбаев атындағы 300 орындық мектеп пайдалануға берілді.

Кездесуден кейін, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы М. Байғабулов тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, талап-тілектерін тыңдап, заң аясында жауап берді. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, бірқатар сала мамандарына тапсырмалар берді.