Bugin
Фото: freepik.com
Өзбекстанда спорт саласындағы жемқорлық үшін жаза күшейтілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ел президенті Шавкат Мирзиеев жаңа заңға қол қойды. Енді спорттық жарыстар кезінде пара бергендер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Жаңа заңда жарыс нәтижелерін қасақана өзгертуге бағытталған әрекеттері үшін заңсыз сыйақы алатын спортшы, жаттықтырушы, төреші және басқа да жарыс ұйымдастырушыларына 50-ден 100-ге дейін базалық есептік шамада айыппұл салу қарастырылған. Сондай-ақ бопсалау немесе құқықбұзушылық қайталанатын жағдайлар болса, жаза күшейтіледі.