Bugin

Түркістанда бірқатар ауылдық округтерін газбен қамту жұмыстары жүріп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Сауран ауданы халқын көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Өңірімзде 10 елді мекенге табиғи газ құбыры жүргізіліп, қамтамасыз ету деңгейі 31,4 пайызды құрап отыр. Жыл басында Бершінтөбе, Ибата елді мекендері табиғи газға қосылған.

Бүгін Жүйнек, Қарашық ауылдық округтерін газбен қамту бағытында магистральды және ішкі құбырларының құрылыс жұмыстары басталды. Аудан басшысы Мақсат Таңғатаров елді мекенге арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Ауыл тұрғындары шынайы ризашылығын айтып, Мемлекет және облыс басшылығына алғыстарын білдірді.

Қазан айында басталған газ құбырын жүргізу құрылысы 2025 жылдың қазан айында аяқталу жоспарланған. Жалпы, ұзындығы 45,5 шақырымды құрайды. Жоба құны 5,3 млрд. теңге. Аталмыш жұмыстарды мердігер мекеме «Gas Energy Construction» ЖШС» ЖШС атқарады. Ал, техникалық қадағалаушы «Raymbek company» ЖШС» ЖШС мекемесі жүзеге асырмақ.