Bugin

Түркістан: Кемшілікті жою үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысы Сауран ауданы әкімі Мақсат Таңғатаров кемшіліктерді жою бойынша жұмысты күшейту бойынша апталық мәжілісін өткізді. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең басты мәселе – Өзбекстаннан инвестиция тарту мәселесі. Апталық мәжілістің күн тәртібінде жалпы 3 мәселе қаралды. Онда Түркістан облыс әкімі бекіткен үш жақты келісім-шарттың орындалуы туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов, ауыл шаруашылығы бөлімінің 9 айында атқарған жұмыстары мен алдағы жопсарлары туралы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бекзат Абубакиров, инвестиция тарту бағытында Өзбекстан іс-сапарының нәтижесі мен орындалуы бойынша Жаңа Иқан ауылдық округінің әкімі Тахир Абдаев баяндама жасады.

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметовтың мәлімдеуінше 2024 жылдың III-тоқсанында ауданның жалпы өңірлік өнімі 78,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,6%-ға артқан. (2023 жылдың тиісті кезеңінде 78,2 млрд. теңге) Бұл көрсеткіш жан басына шаққанда 765,9 мың теңгені құраған. 2024 жылдың 9 айында 59,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі – 100,3%-ды құрап отыр. (Оның ішінде: мал шаруашылығында – 11 276,2 млн. теңге, өсімдік шаруашылығында – 47 724,3 млн. теңгенің өнім өндірілген.) Үш жақты келісімге сәйкес, 2024 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығында 112,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 102,5 пайызға жету керектігін атап өтті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қаралып болған соң, аудан басшысы айтылған пікірлерді, баяндамаларды сараптай отырып, бөлім басшыларына және жауапты азаматтарға нақты тапсырмалар жүктеді. Ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысымен нақты индикаторлық көрсеткіштер мен облыс әкімі тапсырмаларының уақтылы орындалуы, ауыл-аймақтағы тазалық жұмыстарды күн сайын сараптап отыруды тапсырды.