Bugin
Фото: freepik.com
Желіде "жақын арада Алматыда жер сілкінуі мүмкін" деген ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мамандар желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды.
"Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ғылыми орталығы мәліметтері бойынша, жыл соңына дейін күшті жер сілкінісі болжанып отырған жоқ. Ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, кеше, 5 қараша күні Алматыда 3 балдық жер сілкінісі болды.