Bugin
Фото: freepik.com
Ақмола облысында алаяқ көлік ұрлап, қолға түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Polisia.kz-тің мәліметінше, 4 қараша күні таңғы сағат 10:00 шамасында жергілікті полиция Екатеринбург – Алматы тас жолының 1071-шақырымында Toyota Camry автокөлігін байқаған. Көлік белгісіз себептермен тоқтап, екі жолаушысын түсірген. Кейін кенеттен кері бағытта бұрылып кеткен.
Бұл тосын әрекет полицейлердің күдігін туғызды, сондықтан олар көлікті тексеруге шешім қабылдаған. Алайда жүргізуші тәртіп сақшыларының заңды талабын елемей, қашуға тырысты. Полицейлерден қашқан жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Тексеру барысында 46 жастағы жүргізушінің көлігін ұрлаған күдікті ұсталды. Көлік иесі сол күні Атбасардан Астанаға екі жолаушыны ала кеткен. Жол бойында жолаушылардың бірі көлікті тоқтатуды сұраған. Мұны пайдаланып жүргізуші сыртқа шыққанда, жолаушы бірден рөлге отырып көлікті айдап кеткен.
Патрульдік полицейлер ұрыны дер кезінде ұстап, жедел-тергеу тобына тапсырды.