Bugin

Енді қазақстандықтарға сексеуіл кесуге болмайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Елімізде cексеуіл кесуге тыйым салынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Экология және табиғи ресурстар министрі “Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сексеуіл ормандарын кесуге тыйым салу туралы” бұйрыққа қол қойды. 

 

Құжатта 31 желтоқсанға дейін Қазақстанның мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сексеуілді кесуге тыйым салынған. 

Тек магистральдық құбырлар өтетін орман қоры учаскелерінде және уран кен орындарын игеру орындарында ғана сексеуілді отауға рұқсат етіледі.