Weekend

Мүмкіндіктер мекені

Болашақтың нық қадамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Болашақтың нық қадамы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті атанудан басталды. Қара шаңырақтың студенті атану маңдайыма жазылған бақ деп ұқтым. Алматының үлкендігі мен салқындығы алғашында бөтенсіткенімен, ҚазҰУ-дың кез келген жанды баурап алар жылуын сезініп, таңдауымның қате еместігіне көзім анық жетті.

Дарындыларды даралайтын, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар шоғырланған журналистика факультетінің студенті атандым. Бұл зор мәртебе, қуаныш. Білімділер мен ізденімпаздардың ортасына түскенім студенттік өмірімнің бастауы, жаршысы. Сапалы білім мен болашақтың негізі менің университетімнен басталады. Шынтуайтына келгенде, үздіктердің үздігі бас қосқан университеттің Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемнің алдында өзіндік мені бар. Жаһанның ең мықты 800 университеттің арасынан 236 орын алатыны дәлел.

Өзіндік ғасырға жуық тарихымен, еліне еңбегі сіңген қоғам қайраткерлері мен дарынды тұлғаларымен ерекшеленеді. Атап айтар болсам, Мұхтар Әуезов дәріс берген, Сәкен Сейфуллин шәкірт болған. Осындай қазақтың маңдайына біткен азаматтарының, аға-буынның жалғасы екенімді зор мақтанышпен айтам. ҚазҰУ адамның тұлға болып қалыптасуы мен жан-жақты қабілетінің шыңдалуына ықпал етеді. Еліміздің ең маңызды, ең қуатты, ең басты оқу орны болашақтың тірегі жастардың білім алуына орасан зор әсерін тигізеді. Қара шаңырақтан білім алып, самғап ұшқан кез келген түлек болашақта бағытынан жаңылмайды, адаспайды. Адами құндылықтар мен сапалы білімді бойына сіңіріп, сусындайды. ҚазҰУ мүмкіндіктер мекені.