Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОШАҚТЫДА 23,7 ШАҚЫРЫМДЫ ҚҰРАЙТЫН КАНАЛДАР МЕН ҚАШЫРҚЫЛАР ТАЗАЛАНДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Келес ауданы әкімдігі

Түркістан облысы, Келес ауданының Ошақты ауылдық округіндегі егістік жерлерге ағын су Саңырау, Теріс, Тартулы, 8-Ұлан, Игілік каналдары арқылы жеткізіледі. Биыл Шенгелді каналының 3,2 шқ, Сарыжылға су қашыртқысының 2,5 шқ, механикалық әдіспен қазылды. Бүгінгі таңда 8-Ұлан каналы 18,0 шқ механикалық әдіспен қазу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың Ошақты ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Сонымен қатар жеке мәселелерімен келген тұрғындарды аудан басшысы қабылдады.

Ауылшаруашылығы саласы

Ошықты өңірінде 2024 жылы жалпы 3712 га жерге ауыл шаруашылық дақылдары егілді, оның ішінде 1474 га жерге көкөніс дақылдары, 626 га жерге дәндік дақылдар, 442 га жерге жоңышқа, картоп 446 га т.б дақылдар егілген. Ағымдағы жылдың екінші жартысында екінші рет егілген егіс көлемі артып, 203 га жерге  көкөніс дақылдары егілді. 

Инфрақұрылым саласы

Ошақты ауылдық округі аумағында 30 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар, 16 шақырым аудандық маңызы бар жолдар және 117 шақырым ішкі жолдар бар. Бүгінде ішкі жолдардың 44 шақырым асфальт, 52 шақырымшағал жол, 21 шақырым топырақ жолды құрайды. Биыл округ аумағындағы ұзындығы 10 шақырымнан асатын 5 көшеге ағымдағы жөндеу, яғни шағал тас төселсе, ұзындығы 8,8 шақырымды құрайтын 8 көше орта жөндеуден өтті. 2025 жылы жалпы 10 көшені орта және ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарлануда. 

Сапалы электр жүйесі 

Ошақты ауылдық округіне қарасты Саңырау және Қоңыртөбе елді мекендеріндегі тозығы жеткен электр желілері мен бағаналарын ауыстыру жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттары қайта жасалып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынған. БүгіндеТиісті басқармаға ұсыныс енгізілген. 

Табиғи газбен қамту бойынша

Округ аумағында 7 елді мекен табиғи газбен қамтылған

Олар: (Ошақты (3896-адам), Жетітөбе (1124-адам), Еңбек (475-адам), Саңырау (878-адам), Береке (2262-адам), Қоңыртөбе (1401-адам), Сарыжылға (1357- адам) округ тұрғындарының 67,4%) қамтылған. Табиғи газбен қамтылмаған 6 елді мекенді газ жүйесімен қамтуға газ жеткізгіш құбырдың құрылыс жұмыстары басталды. Табиғи газбен қамтылмаған 6 елді мекенге газ жеткізгіш құбырдың құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін “Отау-Строй”ЖШС мердігер мекемесі анықталып қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Тапсырыс беруші Келес аудандық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі. Құрылыс жұмыстары келесі жылдың соңында аяқталуы көзделген.

 Көгалдандыру және абаттандыру 

Ошақты ауылдық округі Береке, Саңырау, Қоңыртөбе, Сарыжылға, С.Саттаров және Атақоныс елді мекендерінің аумақтарынан кіші футбол алаңдарын салу мақсатында жер бөлініп мемлекеттік актілері алынған. Сметалық құжаттары жасалып тиісті бөлімге ұсыныс берілген.

Білім саласы 

2023 жылы Жиделі елді мекенінде 300 орындық мектеп құрылысына қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс нысаны ағымдағы жылдың желтоқсан айында тапсырылады деп күтілуде.

Мәдениет саласы 

Өткен жылы Ошақты ауылдық округі Жиделі елді мекені аумағынан 75 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға дайын. Құрылыс нысанды тапсыруға құжаттары рәсімделуде.

Денсаулық сақтау саласы

Биыл Береке елді мекенінен дәрігерлік емхана салуға қаржы қаралып қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Ошақты елді мекенінде «Нұрболат»өндірістік кооперативі «Азия Мед» медициналық орталығының құрылысы аяқталған.