Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚОШҚАРАТА ЖӘНЕ ҚАРАБУРА АУЫЛДАРЫНДА ШАҒЫН СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ САЛЫНАДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Келес ауданы әкімдігі

Келес ауданының Қошқарата ауылдық округіне қарасты Қошқарата және Қарабура елді мекендерінде шағын спорт алаңшалары құрылысын жүргізу мақсатында қажетті құжаттамалық жұмыстары атқарылып, қаржысы қаралды. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізетін жеңімпазды анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу порталына салынды, деп хсбарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың Қошқарата ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде айтылды. 

Қошқарата ауылдық округі - Келес ауданы аумағындағы ең үлкен ауылдық округі қатарына жатады. Ауылдық округі 13 елді мекеннен тұрады. Елді мекендер Келес өзені бойымен Жүзімдік ауылдық округіне дейін  орналасқан. Оңтүстігінде Ұшқын ауылдық округі, шығысында Абай ауылы, Біртілек, Алпамыс батыр ауылдық округтерімен, батысында Ошақты және Бірлік ауылдық округтерімен шектеседі. Ауылдық округі бойынша 2913 отбасы, 22576 тұрғын бар. 

Биылғы жылы ауылдық округінде инфрақұрылым жүйелерін жаңғырту бағытында біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Бесауыл елді мекеніндегі ұзындығы 1840 метрді құрайтын Достық көшесіне орта жөндеуден өткізілді. Ұшқын елді мекенін газдандыру мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Облыстық бюджеттен құрылыс жұмыстарына қаржы қаралып, нақтыланды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды. Сонымен қатар, Қошқарата және 1 Мамыр елді мекендерінің аумағына жаңадан қосылған тұрғын үйлерге табиғи газ жүйесін тарту үшін қажетті шаралар атқарылып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу порталына салынды.