Bugin
Фото: Бәйдібек ауданы әкімдігі
Аудан әкімі Ерлан Нұрмахановтың кезекті есеп беру кездесуі Алмалы ауылдық округінде жалғасты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов есеп беру кездесуінің алдында Алмалы ауылдық округіне қарасты елді мекендерде «Ұлттық жоба» шеңберінде салынып жатқан «Жарықбас» дәрігерлік амбулаториясын, Алмалы елді мекенінде ауыз су бекетіндегі қосымша су ұңғымасының қазу жұмыстарын, Бәйдібек ата елді мекеніндегі «Орталық саябақты» және жер асты су барлау жұмыстарын аралады. Аралау барысында мердігер мекемелерге құрылыс нысандарын және жерасты суын барлау жұмыстарын жобалық сметалық құжатқа сәйкес сапалы жүргізу және құрылыс нормалары мен ережелерін қатаң сақтау, нысандарды белгіленген мерзімде халық игілігне беру қажеттігін ескертті. Ал, жауапты мекеме басшыларына, ауыл әкіміне жөндеу, құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін қадағалауды тапсырды.
Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов елді мекендерді аралаудан кейін Бәйдібек ата елді мекеніндегі ауылдық мәдениет үйінде ауылдық округтің тұрғындарына есеп берді. Кездесу жиынында Алмалы ауылдық округінде жоспарға сәйкес атқарылған, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен бөлісті.
Округке қарасты елді мекендернің тұрғындары өздерінің толғандырып жүрген сауалдарын жолдады. Атап айтқанда жайылымдық жер, жол, ауыз су, қатты қалдық тастайтын тастайтын полигон, ұялы байланыс интернеті және басқа да әлеуметтік сұрақтар қамтылды.
Әрбір тұрғынның қойған сұрақтарына жеке-жеке жауап берген Ерлан Заипұлы мәселелерді оңтайлы шешу бойынша тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеді.
Есеп беру жиынынан соң аудан әкімі жеке қабылдауға жазылған азаматтардың мәселесін тыңдады. Кездесу барысында және жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынып, оған арнайы хаттама түзіліп, көтерілген мәселелерді шешу бойынша жұмыстар атқарылатынын атап өтті.
Есеп беру жиынына аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат депутаты, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.