Bugin
Фото: freepik.com
Енді колледж студенттері онлайн оқуы мүмкін. Алайда бұл өзгеріс барлық мамандыққа қатысты емес, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, бұл өндірістен қол үзбей кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибе АҚШ, Канада, Қытай, Австралия және Ұлыбританияда оң нәтиже берген. Бұл елдердегі онлайн оқыту білім беру процестерінің тиімділігін арттырған.
Онлайн оқыту форматын енгізудің негізгі мақсаты – колледждерге білім беру бағдарламаларын икемді бейімдеу, ал студенттерге жұмысты үзбей-ақ нақты жағдайларда практикалық дағдыларды қалыптастыруға жағдай жасау.