Bugin
Фото: Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Сегізінші шақырылымдағы Сайрам аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы мәслихат төрағасы Шамхат Халмурадовтың төрағалығымен өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиын барысында күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, бекітілді.
Мәслихат сессиясының қарауына ұсынылған барлық мәселелер мәслихаттың аудандық бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссияның жеке және тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарында алдын-ала талқыланды.