Bugin
Фото: freepik.com
Испанияда тасқын кезінде 89 адам із-түссіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Суапатынан қатты зардап шеккен Валенсия аймағының Жоғарғы сотының мәліметінше, жоғалған адамдар туралы дерек әлі табылмады. Ал қаза тапқандар саны 217 адамға жетті.
Айта кетейік, Валенсияға өткен аптада жауын құйды. Салдарынан көліктер мен көпірлерді су шайып, біраз елдімекен тасқынның ортасында қалды.
Қазір іздеу-құтқару және қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған мыңдаған жауынгер тартылған.