Bugin
Фото: freepik.com
Қостанай облысының Амангелді ауылында Мәдениет үйінің жеке қазандығы жарылып, артынша ғимарат опырылып құлаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үйінді астынан ер адам табылған.
“Құтқарушылар үйінді астынан 1969 жылы туған ер адамды алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Куәгерлердің айтуынша, ғимаратта басқа адамдар болмаған", - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде.
Қазіргі уақытта оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция және жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеп жатқаны хабарланды.