Bugin

Елімізде әйелдердің жұмыс күні қысқартыла ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден әйелдердің жұмыс күнін қысқартуды ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Депутат Скандинавия елдерінің тәжірибесіне назар аударуды сұрады. Мәжілісте әйелдер үшін қысқартылған жұмыс күнін енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Депутат бұл шешім отбасы институтын нығайтуға ықпал ететінін, жұмыс істейтін әйелдер бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөле алатынын айтты. 

Сонымен қатар депутат декреттік демалысты екі жылға дейін ұзарту керегін айтты. Жұмыс орнындағы әйелдерді қорғауға бағытталған құқықтық шараларды күшейту керегін мәлімдеді.