Bugin
Фото: Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ауданның 99 мектебіндегі оқушылардың ата-аналарымен кездесу үшін аудан әкімінің тапсырмасына сай 8 жұмысшы топ құрылып, кесте бекітілді. 40 адамнан тұратын бұл топтар ата-аналармен кездесіп, тәрбие мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді бастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мақсат – жасөспірімдерді жат қылықтардан сақтандыру, құқықбұзушылық пен ерте жүктіліктің алдын алу, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру. Ата-аналарға балалардың сабақ үлгерімін қадағалау, бос уақытын тиімді пайдалану, ұялы телефондар мен әлеуметтік желілерін бақылауда ұстау қажеттігі түсіндірілуде.
Жұмысшы топ құрамында зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, мәслихат депутаттары, жастар және «Жастар Ресурстық Орталығы» қызметкерлері бар.
Кездесулер алдағы уақытта жалғасын табады.