Bugin
Фото: Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Аудан тұрғындарымен кездесу Жібек жолы ауылдық округінде жалғасты. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы М. Байгабулов аудан бойынша 2024 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың нәтижесін баяндап, алдағы уақытта іске асырылатын жоспарларды атап өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жібек жолы ауылдық округін дамыту жоспарына сәйкес ауылдық округте орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйесі қалпына келтірілді. Сонымен қатар, ауылдық округтегі «Жібек жолы» кеден бекетінің маңын көркейту мақсатында «керуен» архитектуралық нысаны, сонымен қатар кеден бекеті маңына сергек бейнекамерасы орнатылды. Ауылдық округке қарасты Дихан баба елді мекеніндегі саябақты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жібек жолы ауылдық округ арқылы өтетін облыстық Х-52 жол бойына аяқжол салынып, Дихан баба елді мекеніндегі 54 тармақ каналының 350 метріне бетондау жұмыстары жүргізілді.
Ауыл тұрғындарының бос уақыттарын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Жібек жолы елді мекенінде спорт және воркаут алаңшасы, Жаңақұрылыс және Зортөбе елді мекендерінде кіші футбол мен воркаут алаңшалары, сонымен қатар, Сарқырама және Жаңатұрмыс елді мекенінде балалар ойын алаңшаларымен кіші футбол алаңшалары салынып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Оған қоса, 2 балалар ойын алаңшаларының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жаңатұрмыс елді мекенінде бір ауысымда 25 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары аяқталып, ағымдағы жылдың қазан айында ел игілігіне табысталды. Сонымен қатар, Қарабау елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Кездесуден кейін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы М. Байгабулов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, әр сауалға заң аясында мардымды жауап берді.