Bugin
Фото: ашық дереккөзден
Жуырда ғана ұсталған Хасан Қасымбаевтан зардап шеккен Арман Әлімовтың анасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Хуторлық Хасан Арман Әлімовты басқа аудандардың адамдарын оған қарсы қойған деп айыптаған. Кейін Хасанның адамдары Әлімовты аңди бастаған. Арман Әлімовтың анасының айтуынша, олар ұлын 2021 жылдың 17 маусымында соққыға жығып, ұрлап әкеткен. Оны адам жоқ жерге апарып, соққыға жығып қинаған. Кейін оны айдалаға тастап кеткен. Есін жиған соң, ол інісіне қоңырау шалған. Інісі оны алып кетіп, ауруханаға жеткізгеннен кейін үйінде оларды полиция қызметкерлері күтіп алған екен.
Арман Әлімов ауруханада жатқанда оған арыз жазбау керегін ескерткендер көп болған.
“Алғашында іс бұзақылық бабы бойынша қозғалды, бірақ қоғам тарапынан қысым болғандықтан, ол адам ұрлау бабына ауыстырылды. Айқын дәлелдерге қарамастан, әділдікке қол жеткізу ұзақ уақытқа созылды. Тергеуде көптеген заңбұзушылықтар болды”, - деді жәбірленушінің анасы.
Енді Қасымбаевты адам ұрлау және ауыр дене жарақатын қасақана келтіру бабы бойынша 7-8 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін.