Bugin

Түркістан облысында жас қыздың көршісіне жасаған ісі әшкере болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Түркістан облысында полиция көршісінің ақшасы мен телефонын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

ІІМ-нің мәліметінше, Қазығұрт ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікке ілінген жас қызды анықтаған. Күдікті жәбірленушінің көршісі болып шықты. Кешке пәтер иесінің үйден шыққанын пайдаланған қыз оның үйіне терезе арқылы кірген. Содан кейін жатын бөлмеде тұрған сөмкеден 85 мың теңге мен үстелде қалған телефонды ұрлап кеткен. Күдікті ұрланған мүлікті сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.