Bugin

Қазақстандық әйел TikTok-тағы тірлігі үшін жаза арқалады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Шымкент Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты діни алауыздықты тудырған әйелге қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Сот мәліметінше, неотенгризмді ұстанған қазақстандық әйел бір жылға жуық уақыт бойы TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфирлер өткізіп, оның барысында діни алауыздық тудырған.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, оған жеңіл жаза тағайындауды өтінді. Прокурор өз кезегінде соттан бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.