Bugin

ТҮРКІСТАН: БАДАМ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА ҚҰРЫЛЫС ИНДУСТРИЯСЫ САЛАСЫНДА ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бадам индустриялды аймағында «Сentral Аsia Аluminum company» компаниясының алюминий профиль бұйымдарын өндіру зауытының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаның инвестициялық құны 4 млрд.400 млн.тг., Жоба 2025 жылдың наурыз айында іске қосылып 200 жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтитын болады.

«RZN» автоклабталған газоблок бұйымдарын өндіру жобасы, инвестициялық құны 1 млрд.500 млн.тг. негізгі қондырғы жабдықтары Қытай технологиясы. Ол табиғи материалдардан (ұсақ ұнтақталған құм, цемент, әк) су және кеуекті түзетін қоспаларды қосып, кейіннен автоклавтарда шикізатты термиялық өңдеуден (жоғары температура, ылғалдылық, қысым) өткізеді. Жоба іске қосылған уақытта 25 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.