Bugin
Фото: Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Еліміздің орнықты әлеуметтік-демографикалық дамуын қамтамыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсартуды мақсат еткен медициналық пойыз Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылына келіп тоқтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Станция бекетіне тоқтаған білікті мамандарды Ордабасы халқы Бадам станциясынан күтіп алды.
Аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов аудан мен ауыл тұрғындарын осы мүмкіндікті пайдаланып профилактикалық тексерістерден өтуге шақырды.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының бас дәрігері тұрғындарға қызмет алу барысын түсіндірді.
8 вагоннан тұратын медициналық пойыз заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен, шағын операциялық бөлмемен, зертхана, интернетке сымсыз қосылуға арналған байланыс құралдарымен жабдықталған. Медициналық пойызда терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор дәрігері, хирург, уролог, маммолог, педиатр мамандары бар.
2016 жылдан бастап іске қосылған «Саламатты Қазақстан» пойызының биылғы ерекшелігі болған заңгерлер мен медиатор көмегіне ауыл мен қала тұрғындары құқықтық кеңес алды.
Еске сала кетейік, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 06-07 қараша күндері ауданға қарасты Бадам станциясында ауыл мен барша аудан тұрғындарына медициналық, психологиялық, құқықтық көмек көрсетеді.
Тұрғындарды қабылдау уақыты таңертеңгі сағат 9-дан кешкі сағат 6-ға дейін. Ауданның барлық тұрғындары тегін медициналық кеңес пен көмек ала алады.
Іс-шарада әнші Мәди Рымбаев және аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары әдемі ән мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.