Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Павлодарда зейнеткердің үстіне ағаш құлады. Павлодарлық тұрғын сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қайғылы оқиға бүгін, 7 қараша күні болған. Таңғы сағат 9.37-де Естай көшесіндегі аулада кетіп жатқан зейнеткердің үстіне ағаш құлаған.
“Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 6 минутта жетті. 1957 жылғы әйел адам зардап шеккен. Зардап шегушінің екі аяғы, көкірек тұсы, жамбас сүйектері, омыртқасы сынған, ішкі ағзалары жарақаттанған, 3-4-дәрежедегі жарақат шогын алған. Өкінішке қарай, ол алған жарақаты салдарынан көз жұмды”, - деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем стансасынан.
Павлодар облысы аумағында екпіні 30 метрге дейін жететін дауыл соққан.