Bugin
Фото: gov.kz
Ресей президенті 27 қарашада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Елордада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров келіссөздер жүргізді. Тараптар халықаралық мәселелерді талқылап, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ бойынша өзара іс-қимыл туралы пікір алмасады.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің 27 қарашада Уфа қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына онлайн қатысатыны жөнінде хабарлады.