Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Сенатор Геннадий Шиповских тұрғын үй, білім алу және жұмысқа орналасу кезінде жетім балалар көмексіз қалатынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Депутаттың мәліметінше, мемлекет ата-анасы жоқ балаларға тиісті дәрежеде көмек көрсетпей отыр. Депутат 2022 жылы кезекте тұрған 61 471 жетімнің 852-сі ғана баспана алды, ал 2023 жылы 62 290 мұқтаж адамның 809-ы ғана тұрғын үйге ие болғанын айтты.
Геннадий Шиповских жетім балалар мектеп бітіргеннен кейін көп қиындыққа кезігетінін мәлімдеді. Олар мемлекеттік жәрдеміне мұқтаж екенін алға тартты.