Bugin

“16 млн теңге қарызы бар”: ер адамды полиция жолдан ұстап әкетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Түркістан облысында полицейлер 16 млн теңге қарызы бар көлік жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

ІІМ-нің мәліметінше, республикалық маңызы бар Шымкент – Самара тасжолында іздеуде жүрген Haval көлігінің банк есебіне өтелмеген 16 миллион теңгеден астам қарызы бар екені белгілі болды. Полиция жолда бұл көлікті тоқтатқан. Белгілі болғандай, ер адамның банкке несие бойынша қомақты қарызы бар болып шықты. Ол соңғы 9 айдан бері қарызын төлемей жүргендіктен, полицияға сот орындаушысынан қаулы келіп түскен. Көлік Ордабасы ауданындағы арнайы айыптұраққа қойылды.