Bugin
Фото: freepik.com
Ер адам балабақшада ұлының қуыршақ ойнағанына ашуланып, тәрбиешілерді өлтіремін деп қорқытқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға Ресейдің Калуга қаласында болған. Ер адамның 48 жаста екені анықталды. Ол ұлының қыздар ойнайтын ойыншықпен ойнағанына ызыланған. Кейін балабақшадағы тәрбиешілер мен оған ұрысқан ата-аналарды өлтіремін деп қорқытқан. Оқиға орнына полиция шақыртылды. Қоғамдық орында тәртіпсіздік орнатқан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.