Bugin
Фото: freepik.com
Сенат депутаты Андрей Лукин АЭС-ті Абай облысының Курчатов қаласында салуды ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сөзінше, Семей ядролық полигоны маңында дамыған желілік инфрақұрылым бар екен.
"Атомдық энергетика саласын дамытуда Курчатов қаласының рөлі зор болмақ. Ол үшін Курчатов маңында дамыған желілік инфрақұрылым бар және энергетикалық қуатты апаттық жағдайда резервке алу мүмкіндігі де жоғары. Сонымен бірге атом электр станцияларын салу мен пайдалануды ғылыми-техникалық қамтамасыз етуге барлық жағдай жасалған”, - дейді депутат.
Андрей Лукин Семейдің сейсмикалық тұрақты аймақта орналасқанын айтты. Әрі қалада радиоактивті қалдықтарды сақтаудың әлеуетті ресурстары барын және су тапшылығы туындамайтынын мәлімдеді.