Bugin
Фото: freepik.com
Қарағандыда дүлей дауылдан көпқабатты үйлердің шатыры ұшты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сонымен қатар Қарағанды облысының Осакаров ауылында жолда қалған 7 адам құтқарылды. Олардың 5-еуі балалар. Степное ауылына жетпей боран салдарынан жүре алмай қалған көлікті құтқарушылар қауіпсіз жерге жеткізді.
Түнде өңірде сағатына 20 м/с дейін жел соғып, қар жауды. Осыған байланысты “Алматы-Екатеринбург” тасжолы жабылды. Ал қаланың бірқатар көпқабатты үйлердің шатыры ұшып кетті. Сымдардың үзілуінен кейбір үйлерде жарық жоқ. Қазір электр желілерін қайта іске қосып жатыр. Облыста жедел штаб құрылды.