Bugin

3 күн бойы төлемдер мен аударымдар жұмыс істемейді – Ұлттық банк жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Әлеуметтік желіде 8, 9 және 10 қарашада банк бойынша төлемдер мен аударымдар жұмыс істемейтіні туралы ақпарат тарады. Сондықтан қазақстандықтарға осы екі күнге қолма-қол ақша ұстау ұсынылды. Ақпаратқа Ұлттық банк пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Bugin.kz

Bugin.kz

Қазақстанның Ұлттық банкінің мәліметінше, банктің клиенттерге атқаратын қызметі өзгертілмейтіні айтылды. 

"Бұл жұмыстар карточкалар бойынша төлемдерге әсер етпейді. Осылайша, халықтың төлем карталары, QR-кодтар бойынша есеп айырысуы, мобильді аударымдар, банкоматтардан қолма-қол ақша алу, ұялы байланыс ақысы және басқа да қызметтер өзгеріссіз қалады", - деп хабарлады Ұлттық банк.

Бұл ретте банктер өздерінің ақпараттық жүйелерін баптау қажеттілігіне байланысты техникалық жұмыстар жүргізеді.