Bugin

"Әділетсіз қоғамда кітап насихатталмайды": Қазақстанда кітап оқитын жастар аз ба?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: bugin.kz

Ағартушылықпен айналысып жүрген қазақстандық "Мазмұндама" баспасының негізін қалаушы Шыңғыс Мұқан Қазақстан мен Түркиядағы арбатты салыстырып, видео жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Видео авторыТүркиядағы арбатта кітап дүкендерінің жағалай орналасқанын, ал еліміздегі арбатта жастардың ойын-сауық жасап, көңіл көтеріп жүргенін көрсетті. 

Видеоға қатысты бірқатар оқырман пікір қалдырып, өзара талқылады. Бірі қазақ қоғамын сынаса, енді бірі екі елді салыстыруға келмейді дейді.

"Бәрекелді! Біздер әлі күнге: Хәкім Абай айтқандай: Ішсем, жесем, ұйықтасам деген жармақ күйдеміз...", "Бізде тек асхана, кофехана... Өйткені сұранысқа қарай", "Арбаттың бойы арендасы өте қымбат болғасын, кітап дүкенін ашу қалтаға қиын шығар бізде", "Атам заманнан белгілі, надан халықты басқару оңай. Әділетсіз қоғамда кітаптың насихатталмайтыны айтпасада түсінікті...", "Біздікілер дубайский шоколад пен қытайдың жүзімін жеуден жарысады", "Үндістанда да сол.. кітап сататын жерлер толып тұр, бағалары да арзан", -деп жазды желі қолданушылары.

"Мазмұндама" – тұңғыш рет саммари және non-fiction кітаптарды шығарған қоғамдық қор. Бүгінде баспа үйі әлемдік бестселлер кітаптарды қазақ тіліне аударып, шығарып жүр.