Bugin

Түркістан: Аудандық әдеп жөніндегі уәкіл қызметкерлермен кездесу өткізді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түлкібас ауданы әкімдігі

Түркістан облысы Түлкібас ауданында өңірдегі әдеп жөніндегі уәкілі қорғаныс істер жөніндегі бөлім қызметкерлерімен заңдағы өзгеріске қатысты кездесу өткізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың ағымдағы жылдың 8 шілдесінде қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру мақсатында өтті.

Бұнымен қоса, аудан әкімнің орынбасары, аудандағы әдеп жөніндегі өкіл Е.Орманов мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға бәс тігуге қатыса алмайтынын, бұл шектеуді сақтамағаны үшін оларды жұмыстан шығару шарасы қарастырылғанын ескертті және ойын бизнесін ұйымдастырушылардың қызметін реттеу тетіктері күшейтілгенін түсіндіру.

Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексінің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті көздейтін баптарын түсіндірді. Пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік өкілеттіктерді теріс, асыра пайдалану, алаяқтық және тағы басқа сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойы айырылып, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы немесе алған параның 80 есеге дейінгі мөлшерде айппұл көзделгенін ескертті.

Кездесу соңында ауыл әкімдері күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты сауалдарын қойып, нақты жауап алды.