Bugin

Түркістан: Даубаба ауылында мәдение клуб салынады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түлкібас ауданы әкімдігі

Биыл «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Түркістан облысы, Түлкібас ауданының  ең шалғай орналасқан елді мекендердің бірі саналатын Даубаба ауылында заманауи мәдени клубтың құрылысы басталды. Нысан келесі жылға өтпелі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін Түлкібас ауданы әкімі Нұржан Ізтілеуов келтемашаттықтар алдында берген есептік кездесуінде мәлімдеді.

Сонымен қатар, аудан басшысы есептік жиында алдағы уақытта көп жылдан бері түйіні шешілмей келген Жиынбай ауылының ауыз су мәселесін шешу мақсатында ұнғыма қазу жұмыстары жоспарда тұрғанын жеткізді. Оған қажетті қаржы қарастырылып, қазіргі таңда мердігермен келісім-шарт түзу шаралары атқарылуда. Бұдан бөлек, Сеславино ауылының ауыз су жүйесін жаңарту мақсатында да тиісті құжаттар дайындалып, қаржы бөлу мақсатында облыстық салалық басқармаға ұсынылған.

Жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев, мәслихат депутаттары, мекеме басшылары қатысты.

Басқосуда аудан әкімі ағымдағы жылдың 9-айында атқарылған жұмыстарды қорытындылап болған соң, жергілікті тұрғындар өздерінің ұсыныс-өтініштерін жеткізіп, жауаптылардан қанағаттанарлықтай жауап алды.

Аймақтағы өзекті мәселенің бірі болып тұрған ұялы байланысты реттеу мақсатында ағымдағы жылы қосымша антеналар орнату жұмыстары да жоспарланған. Қазіргі таңда жерін рәсімдеу шаралары атқарылуда.