Bugin
Фото: gov.kz
Талғар қаласы жаңа әкімін 15 желтоқсанда сайлайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұған дейін Талғaр әкімі Бақыт Күрішбеков 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне байланысты оқиғадан кейін өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін қызметінен босатылған еді.
Онымен бірге орынбасары болған Матан Сағындық қызметтен босатылды. Талғaр ауданының әкімі Танат Айдарбековке сөгіс жарияланған еді.